• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы ШҚО-да 54 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді 08.01.2015

ШҚО статистика департаментінің хабарлауынша, нәтижесінде 578 отбасы жаңа үйге қол жеткізді.

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру аясында ауылдық жерлерде әлеуметтік нысандар құрылысы жалғасып жатыр. 11 ай ішінде жалпы саны 1160 оқушы білім алатын 8 жаңа жалпы білім беру мектебі пайдалануға берілді. Сонымен қатар 50 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен 86 орындық жазғы сауықтыру лагері ашылды. 100 төсектік аурухана салынып, тәулігіне 120 адамды қабылдайтын 6 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ауыл тұрғындары игілігіне спорттық нысандар берілді. Атап айтар болсақ Абай ауданында спорт кешені мен Бородулихинский ауданында жазғы спорт алаңы салынып, Глубоковский ауданында хауыз ашылды.

Аягөз ауданында мәдени мұраны сақтау мақсатында музей салынды. Сонымен қатар ауыл халқы үшін Абай, Қатон-Қарағай мен Ұлан аудандарында мәдениет пен шығармашылық үйлері ашылды. 


Back to the list