• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2017 жылы Астанада инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өтеді 09.01.2015

Конгрестің Басты ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік Академиясы (ҚР ҰИА) мен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы (ҚазҰЖҒА) болып анықталды.

Конгрестің мақсаты – энергия үнемдеу және энергияны тиімді пайдалануды, энергия үрдістерінің маңызды жетістіктерін – инновациялық технология және техниканың энергетика саласында даму жолдарын, бүкіл әлем елдерінде экономиканың тұрақты даму және өсуін әлемнің жетекші ғалымдармен және инженерлерімен талқылау.

Конгресс жұмысы келесі негізгі тақырыптық бағыттарда өтеді: Әлемдік энергетиканың 2050 жылға дейінгі дамуының келешегі; Энергетикалық үштіктің балансы. қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық; Әлемдік энергия ресурстарының даму үрдістері; Энергетика нарығы; Кадрмен қамтамасыз ету.

Конгресс ғылыми жаңару, пікір алысу, талқылауға арналған ғаламдық дүниежүзілік алаңға айналады. Онда инженерлік ойлар мен әлем және Қазақстан ғылымының жетістіктері ұсынылады, сондай-ақ  Қазақстанның инновациялық дамуға, «жасыл экономика» қағидасына бейімділігі көрсетіледі.

Конгресті ұйымдастырушылар - ҚР ҰИА (www.neark.kz)  және ҚазҰЖҒА (www.knaen.kz) энергетика тақырыбындағы ғылыми жобаларды орындауда үлкен әлеуеті, ірі ғылыми форумдарды өткізу тәжірибесі бар, ғалымдар мен инженерлердің беделді халықаралық ғылыми бірлестіктеріне енген, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИДО, CAETS, ХИА, РЖҒА, FEIIC комиссияларымен, халықаралық ғылыми-инженерлік қауымдастығымен ғылыми байланыстары бар.


Back to the list