16.01.2015
«Өткен жылы Батыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры бөлімшесі жеті бағдарлама бойынша жұмыс істед. Атап айтар болсақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Моноқалаларды дамыту», «Егінжай», «Мурабаха», «Кәсіпкер», «Ырыс» және «Ауыл ипотекасы», - делінген хабарламада.
Осы бағыттардың барлығына жалпы құны 2837 млн теңге болатын 1122 қарыз берілді. Несиелік портфель 72 пайыз ұлғайып, 4 100 млн теңгені құрады.
Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, барлық бағдарлама бойынша несиенің жылдық көлемі орындалды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 996 млн теңге бөлініп, оның барлығы игерілді. Мал шаруашылығы, егістік пен кәсіптің өзге де түрлері бойынша ауылдың 506 халқы қарыз алды. Жұмыссыздар арасынан 295 адам өз кәсіптерін ашып алды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 3 кісі де кәсіпкер атанды. Бұрыннан бері өзін өзі жұмыспен қамтушы 206 адам кәсіптерін кеңейтті.
Қазіргі таңда қарыз иелерінің қаржылық жағдайы мен алған қаражатты мақсатты пайдалануына мониоринг жүргізіп жатыр. Жалпы, 2013-2014 жылдары осы бағдарлама бойынша 1108 адам 2 071 млн теңгенің несиесін алып, нәтижесінде 1510 жаңа жұмыс орнын ашқан.