• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Таразда алғашқы жекеменшік метеостанция ашылды 14.01.2015

«Қазақстан территориясында метеостанциялар климатты өлшеу көрсеткіштерінің үлкен көлемін анықтай алатын құрылғылармен жабдықталған. Қазіргі уақытта метеостанциялардың көбі Қазгидрометтің еншісінде, тек біразы ғана жеке дара қызмет етеді. Оған ТарМУ қызметкері, «Физика» кафедрасының лаборанты Станислав Сухоносов жетекшілік етеді. Станция барлық метеопараметрлерді өлшейтін заманауи құралдармен жабдықталған. Күннің атуы мен батуының нақты уақыты белгіленеді. Мұның бәрі онлайн режимде компьютер арқылы тіркеліп, www.meteoperson.kz сайтына жіберіледі», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, метеостанцияны құру идеясы бес жыл бойы ойластырылып, тәжірибе жүргізілген. Әрбір 5-10 минут сайын сайттағы мәліметтер автоматты түрде жаңартылып отырады. Сонымен қатар, сайттан ауа температурасы мен ылғалдылық, атмосфералық қысым, желдің жылдамдығы мен бағыты, ультракүлгін сәулеленудің индексі мен қуаты, жауын-шашын туралы мәліметтердің барлығын табуға болады.

Станислав Сухоносовтың айтуынша, ол метеостанцияға арналған құрылғыны сатып алып, ауа райы туралы ақпаратпен интернет-қолданушылармен тегін бөліседі. Сонымен қатар , ол жақында  табиғаттағы қысқа мерзімді өзгерістерді есептеуге қабілетті еуропалық аппаратураны алатынын жеткізді.


Back to the list