15.01.2015
Келелі кеңес ірі электр станцияларының өндіретін электр энергиясының шекті тарифтері аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесіне арналды. Атап айтар болсақ, Екібастұз СЭС – 1, СЭС – 2, «Алматы электр станциясы»АҚ. Алқа мәжілісінің жұмысына орталық басқару органдарының жетекшілері, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ мен электр энергия өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың басшылығы қатысты.
Хабарланғандай, шекті тарифтер пайдаланылған соңғы 5 жылда электр энергетикаға инвестиция көлемі 5 есе арттып, 700 млрд теңгеге жуық қаражатты құрады. Бұл жұмыс істеп жатқан жалпы қуаттылығы 5000 МВт электр станцияларды жаңғыртып, тағы 1700 МВт электр қуаттылығын іске қосуға мүмкіндік берді. 2015 жылдың соңына дейін қосымша 3300 МВт қуаттылық пайдалануға беріледі.