16.01.2015
Мемлекеттік хатшы Инфрақұрылымдық даму жоспары аясында Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша өзара тығыз байланыс ұстау мүмкіндігін тілге тиек етті. Соның ішінде әйелдерді инфрақұрылымдық жобаларға тартудың мәні зор.
Сонымен қатар қатысушылар Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатында айтылған міндеттемелерін іске асыру тұрғысынан елдің әлеуметтік-гуманитарлық даму мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында Гүлшара Әбдіқалықова тараптар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айтып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру процестеріне БҰҰ ДБ қосқан үлесін атап өтті.