23.01.2015
Аймақ әкімдігінің мәліметі бойынша, өңірде суармалы жерлер 33,6 мың га (64%) құрайды. Үш жыл ішінде 16 мың га суармалы жер іске қосылды, оның ішінде өткен жылы - 6,1 мың гектар.
«Жыл сайын жаңа суармалы жерлерді қосу жеке инвестициялар мен мемлекеттік бағдарламалар есебінен мүмкін болды», - деп атап өтті облыс әкімі Қ.Бозымбаев.
Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде 3 жыл ішінде 9 инвестиция жобасы үшін өндірістік инфрақұрылым құрылысына 3,9 млрд. теңге бөлінген. Мұндай қолдау кәсіпкерлердің суармалы жерлерді игеруге деген белсенділігін арттырды. Сонымен бірге «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы Екібастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарында суармалы массив үшін қажетті инфрақұрылымды салу жоспарлануда.