22.01.2015
«Бас қосуды ұйымдастырудың мақсаты – жастар арасында өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тарату, отбасы мәртебесін жоғарылату болып табылады», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында елімізде үздік «Мерейлі отбасы» деп танылған Бимахамбетовтар жастармен қазіргі отбасы институтының проблемаларын талқылады. Бүгінгі таңда Қазақстандық қоғамның трансформациялануы және оның әлемдік қоғамға кірігуі жағдайында отбасылық құндылықтарды және дәстүрді сақтаудың маңыздылығы арта түсуде.
«Отбасы Партияның саяси Доктринасында қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты делінген. Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасады», - деді Түркістан қалалық «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Айдос Байжанов.
Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау мемлекеттігіміздің дамуының басты жағдайларының бірі болып табылады.