• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
К.Мәсімов Давоста ірі шетел компаниялары мен қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті 23.01.2015

Сондай-ақ, Премьер-Министр Швейцария Конфедерациясының экономика, білім беру және зерттеу министрі Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында К.Мәсімов пен Й.Шнайдер-Амманн Қазақстан-Швейцария сауда-экономикалық ынтымақтастығының жағдайы мен әлеуетін талқылады. Оның ішінде елдер арасындағы бизнес-байланыстың нығаюы мен  сауда айналымы да бар. Сондай-ақ, әңгімелесушілер Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мәселелерін қарастырды.

Айта кетейік, К.Мәсімов жұмыс сапарымен Швейцарияда Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуда. 


Back to the list