• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы Алматыдағы ШОБ-ты несиелеу 34%-ға артты 31.01.2015

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тың салық пен өзге түсімдердегі үлесі 66 пайызды құраған. Осы сегментте шамамен жарты миллион адам еңбек етуде.

Бұл көрсеткіш мемлекеттің көрсетіп жатқан қолдауларының арқасында 25 пайызға артып отыр. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, даму институттары және банктермен тығыз қатынас өз нәтижесін беріп отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, 2008 жылдан бері Алматы қаласы «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп «Мемлекеттік тапсырыс» акциясын өткізуде. Ұлттық қормен ынтымақтастықты ұстай отырып қала әкімдігі жергілікті кәсіпорындарға мейлінше молынан мемлекеттік тапсырыс алып береді.

«Бұрын осы акция аясында тартылған тапсырыстар көлемі 250-300 млрд теңге болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 700 млрд теңге шамасында. Осының арқасында Алматы қаласы кәсіпорындарының жұмысы жанданып, бәсекеге қабілеттіліктері артуда», - делінген хабарламада. 


Back to the list