• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 70 әлеуметтік жобаның энерготиімділігі ХҚҚДБ-ның гранты есебінен 2017 жылға дейін қаржыландырылады 04.02.2015

«Жоба Швейцариялық дамыту және ынтамақтастық басқармасы есебінен қаржыландырылады. Келісімге сәйкес ХҚҚДМ келісімде көрсетілген шарттарға сүйене отырып Алушыға 21,7 млн доллар көлемінде жобаны жүзеге асыруға грант бөледі. Ал, Алушы болса жобаның тыңғылықты жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді», - делінген халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

2014 жылдың 18 маусымындағы «Қазақстандағы энерготиімділікті арттыру» жобасы бойныша грант  туралы келісімге сәйкес әлеуметтік маңызды нысандарда энерготиімділікті қамтамасыз ету  жолында экономикалық негіздемесі бар жобалар ғана жүзеге асырылады.

«Жоба екі құрамдас бөліктен тұрады  - инвестициялық және техникалық көмек. Мемлекеттік әлеуметтік маңызды нысандардың энерготиімділігін артыру бойынша 17,7 млн долл инвестиция қарастырылған. Аталмыш құрамдас бөлік шеңберінде 70 әлеуметтік нысанның энерготиімділігі қаржыландырылады. Ағымдағы жылға жеті облыста барлығы 19 жоба мақұлданған», - деді инвестициялар және даму вице-министр Альберт Рау.

Айта кетерлік жайт, жобаны жүзеге асыру 2017 жылдың 30 маусымында аяқталады.

Камила Амирова


Back to the list