05.02.2015
Бүгін жұмыс, қызмет және өнімдерді сатып алуды жүзеге асырудағы айқындықты арттыру бағытындағы, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінен, жергілікті өнім өндірушілерден сатып алатын қатысушыларды ынталандыру мақсатында 10 меморандумға қол қойылады.
Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, 310 млрд. теңгеден астам ортақ сомманы құрайтын, жұмыс, қызмет және тауар жеткізілімін қамтамасыз ету бойынша 68 меморандумға, жұмысшылардың еңбек құқығын қамтамасыз ететін 59 меморандумға қол қойылып қойған. Жалпы алғанда, өңірдің 92 кәсіпорындарымен Меморандумға қол қойылады. Жергілікті мазмұнды арттыру шеңбері аясында қол қойылған және қол қоюға жоспарланған Меморандумдардың өңірдегі кәсіпорындарға көрсететін қызметінің көлеміне 300 млрд. теңгеден жоғары сомма қарастырылған.
Бұдан басқа, «Облыс әкімшілігі, жұмыс берушілер және жұмысшылардың еңбек шарты мен еңбек құқықтарын қамтамасыз ететін облыстық кәсіподақ кеңесшілері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы», «Облыс әкімшілігі мен ұлттық компаниялар арасындағы жергілікті мазмұнды арттыру мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы», «Жүйелі кәсіпорындар мен отандық өнім өндірушілер арасындағы жергілікті мазмұнды арттыру бағытындағы өзара ынтымақтастық туралы» меморандумдарға қол қойылды. Өз кезегінде әкімшілік кәсіпорындардағы өндірістік қызметке байланысты күрделі мәселелерді шешуге, заң шеңбері аясында әрбір қысқарған жұмысшыларды жұмысқа орналастыруға міндеттеме алады. Ал, жұмыс беруші кәсіпорындардың жұмыс істеу тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмысшылар санының немесе штаттың қысқаруына жол бермеуге тырысу керек.
Аталмыш Меморандум шеңберінде кәсіподақтың тапсырмасы, өндірістік процессті тұрақтандыру үшін кәсіпорын әкімшілігі мен мемлекеттік органдар жүргізетін шаралар туралы кәсіпорындар ұжымына түсіндіру жұмыстарын өткізу, жұмысшылардың ішкі еңбек тәртібін сақтау және әлеуметтік-еңбек дауларын ескерту бойынша шаралар қолдануға көмектесу болып табылады.