06.02.2015
«ҚР Президенті жаңа саясатты ұсыну барысында экономика дамуының тәуекелдерін ескере отырып іскерлік пен жұмыспен қамту белсенділігін арттыратын бастамалар керектігін атап өтті. Осы ретте ҚР Жоғарғы соты соттық қорғау мен жекеменшік институтын нығайту бойынша бірқатар шараларды ұсынды. Осы ұсыныстардың бір қатары жақында ғана Парламентте таныстырылған Азаматтық процесуалды кодексте көрініс тапты», - деп мәлімдеді Қ. Мами.
Осы ретте, Жоғарғы сотты төрағасы атап өткендей, жаһандық экономиканы алға ілгерілетуде инвестициялық қызмет қозғаушы күш, сонымен қатар бәсекелестікте артады және бизнесті құқықтық реттеу мен мемлекет тарапынан қолдауда керек. «Бүгінгі әлемдегі саяси және экономикалық жағдайда тағы бір рет ұлттық экономиканы нығайу қажеттілігін, оны дамыту мен кәсіпкерлікке қолдау көрсету керектігін тағы бір айқындай түсті», - деп түсіндірді Қ. Мами.
Айта кетерлік жайт, шара барысында қатысушылар инвестордың құқығы, инвестициялық келіспеушілікті шешу, инвестиция саласындағы заңнаманы жетілдіру сынды бірқатар мәселелерді көтерді.
Индира Кауметова