23.06.2017
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жатақхананың салтанатты ашылуына қатысты. Аймақ басшысы айтып өткендей, ішкі істер министрлігі аса көңіл бөлетін қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығы үлкен маңызға ие.
«Қоғамдағы қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау – полиция қызметкерлеріне жүктелген салмақты міндет. Жылдан жылға қылмыс мен құқық бұзушылықтар саны кеміп, оларды ашу көрсеткіші артып келеді. Бұның барлығы – сіздердің еңбектеріңіз. Сондықтан атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіремін! Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында сіздерге пәтер кілттерін табыс етеміз. Бұл қызметтік міндеттеріңізді бұрынғыдан да сапалы атқаруға септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Құмар Ақсақалов.
Жаңа жатаханада 40 отбасы қоныс тойын тойлайды.
Бұдан өзге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы Береке ауданында салынған үйлерден 11 полиция қызметкері жаңа пәтер алды.