07.05.2017
«Құрметті отандастар! Қарулы Күштеріміздің құрылуының мерейтойы Отан қорғаушылар күнімен сәйкес келді және Ұлы Жеңіс күнін тойлауға бастау береді. Біз сол бір алапат соғыста жанын аямай фашизмді жеңген батырларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздердің ерліктеріңіз өскелең ұрпақтың жүректерінде мәңгі сақталады», - деп атап өтті Елбасы.
Осы ретте, Президент әскери техниканың және Қарулы Күштер саласындағы мамандардың жоғары перспективасын ерекше атап өтті.
«Әлемнің ешбір нүктесінде біздің дұшпандарымыз жоқ. Біз көрші елдермен қай жағынан алсақ та, достық пен сенім қарым-қатынастарын құрып келеміз. Жалғыз бейбіт келісім жүз жеңістен артық деген дана өсиетті әрқашан ұстанбақпыз», - деді Н. Назарбаев.
Ақбота Күзекбай