• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Президенті ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған парадты ашты 07.05.2017

«Құрметті парадқа қатысушылар! Барлығыңызды еліміздің Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Бүгін біз тарихымыздағы ең ірі парадты өткізіп отырмыз. Оған 5 мыңнан астам адам, 400 әскери техника бірлігі қатысуда. Бұл біздің айбынды әскеріміздің мақтанышы мен даңқы. Осы жылдар ішінде мемлекет әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Алғашқы әскери құралымдардан бастап тиімді жүйенің құрылуына дейін орасан зор жұмыс атқарылды. Қазақстандық армия алдына қойылған міндетті абыроймен орындап шықты. Біздің Қарулы Күштеріміз елімізде және шет елдерде жоғары беделге ие болды. Қымбатты Отан қорғаушылар, бүгін – біздің мерекеміз!», - деді өз сөзінде Елбасы.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, бүгінде Қарулы Күштеріміз елмен бірге жаңғырудың тарихи кезеңін бастан кешіруде.

«Блоктың жаңа бағыттағы қызметі терроризмге қарсы күрес болып табылады. Қазақстандық армия кез келген қауіпке төтеп бере алуға дайын болуы тиіс», - деп атап өтті Президент.

Бүгінгі әскери парад Қазақстан тарихындағы ең ауқымды парадтардың бірі екенін айта кету қажет.

Тәуелсіздік алаңындағы салтанатты шеруге 5 мыңнан астам әскери қызметші қатысты.

Механикаландырылған бағананы әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерінің 300-ге жуық бірлігі көрсетті. Қазақстандық армияның күш-қуаты мен жауынгерлік дайындығын Әуе қорғанысы күштері әскери техникасының 70-тен астам бірлігі көрсетті.

Қазақстандықтар алғаш рет ең жаңа әскери жабдық пен отандық және шетелдік қару-жарақ үлгілерін өз көзімен көріп, бағалай алды.

Ақбота Күзекбай


Back to the list