07.05.2017
1992 жылғы 7 мамырда Алматыда Қазақстан-Ресей мемлекетаралық келіссөздері барысында Қазақстан Республикасы аумағында әскери құралымдарды қорытынды бөлу жүргізілді. Дәл осы күні Қазақстан Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы жарияланды.
Осылайша, Ресей Федерациясының құзыретінде қалған бірнеше құралым мен объектілерді қоспағанда, бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігінің оның аумағында орналасқан барлық құралымдары мен әскери объектілері Қазақстанның Құзыретіне өтеді. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы заңына сәйкес, қарулы күштерге ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымындағы барлық құралымдар мен мекемелер жатады.
Бүгін Астанада «Қазақ елі» алаңында ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған әскери парад өтуде. Бұл парад қазақстандық армия тарихындағы ең ірі парадтардың бірі болып табылады.
Парад уақытында көрермендерге қазақстандық армияның бар күш-қуаты, әскери техника мен қару-жарақтары, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіптік шеберлігі көрсетілмек.
Әскери парадқа ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Республикалық ұлан топтары қатысады.
Сонымен қатар, жаяу бағаналардың салтанатты маршын өткізу кезінде жеке құрамның 5 мың әскери қызметшісі, 30 жаяу парад тобы қатысады. Механикаландырылған бағаналарға 300-ден астам әскери техника бірлігі тартылады.
Сондай-ақ, авиашоу көрсетіледі. Авиаторлар ҚР ҚК құрылуының мерейтойын білдіретін «25» санын құрып, барлық көрермендерге сыйлық жасамақ. Бірыңғай әуе қатарында Астана көгіне қазақстандық ӘӘК қаруының бір бөлігі болып табылатын авиациялық техниканың 80 бірлігі көтеріледі деп күтілуде.
Қайрат Жандыбаев