• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Президенті ҚР ҚК 25 жылдығына арналған концертті тамашалады 06.05.2017

Концерттік кеш Қазақстанның Қарулы Күштерінің күш-қуаты туралы деректі фильм көрсетілімінен басталды. Кеште өнер көрсеткендердің барлығы әскери қызметшілер екенін атап өткен жөн. Кеш бағдарламасына Қарулы Күштердің барлық түрлері әскери бөлімшелерінің үздік шығармашылық күштері, сондай-ақ «Жас Ұлан» республикалық мектебінің және «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрі мен орталық ансамблі, Әскери қорғаныс күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Кадет корпусының ұжымдары қатысты. 

Мерекелік бағдарламада қазақстандық әскердің жетістіктері туралы әндер шырқалды. Көрермендерге әр уақыттағы батырларымыздың жарқын бейнесіне арналған арнайы хореографиялық композиция көрсетілді. Домбырашылар құрама ансамблі Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, көрермендерді қуантты.

Сондай-ақ, қазақстандықтарды ҚР ҚК мерейтойымен құттықтауға арнайы келген ресейлік және қытайлық әскери ансамбльдердің өнер көрсетуі кешке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік концерттің соңында Елбасының атынан гүлшоқтары табыс етілді.

Ақбота Күзекбай


Back to the list