07.05.2017

И. Тищенко - өзінің функционалдық міндеттеріне адал қарайтын, штурмандық іс бойынша жеткілікті тәжірибесі мен дағдылары бар, тәртіпті, сауатты офицер. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген. 2016 жылы лейтенант И. Тищенко Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл татулық тірегі» байқауына қатысып, онда Әскери-теңіз күштері тобы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері арасында 3-орынға ие болған.
«Барша қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймын. Денсаулық, ашық аспан, табыс тілеймін, еліміз өркендей берсін!», - деп құттықтады И. Тищенко.
Қайрат Жандыбаев