07.05.2017

29011 әскери бөлімінің оқу орталығы мобильдік бақылау станциясының инженері қызметін атқарып жүрген Қ. Жаманғарин жауынгерлік даңқ озаты және өз ісінің маманы болып табылады, ол мобильдік бақылау станциясының жұмыс істеу механизмін жақсы зерттеген. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға адал қарайды.
Өз жұмысында басқарушы құжаттардың талаптарын басшылыққа алып, алған теориялық білімін пратикада қолдана отырып, өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
2015 жылы аға лейтенант Қ. Жаманғарин Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысынан грамотамен марапатталады. Сондай-ақ Қуанышбек спортшы да, бөлімнің көпшілік-спорттық іс-шараларына және тіршілік қызметіне белсенді қатысады.
«Барша қазақстандықтарды ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтаймын! Бәріне зор денсаулық, бақыт, ашық аспан, бақ-береке тілеймін», - деп құттықтады Қ. Жаманғарин.
Қайрат Жандыбаев