• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда әскерге шақырылушылар салтанатты түрде шығарып салынды 05.05.2017

Биылғы көктемде Қарағанды облысынан бір жарым мыңға жуық жас жігіттер әскери борыштарын өтеуге аттандырылды. Олардың 40-ы ең қатаң сынақтардан өтіп, әуе қорғаныс күштерінің қатарына ілікті.

"Іріктеу қаңтар айында басталып, енді ғана аяқталды. Бұл әскер қатарына шақырылушылардың әрқайсысында арнайы орта білімі, жүргізуші куәлігі бар және денсаулығы мінсіз. Олардың әрқайсысы туралы оқу орындарынан мәліметтер сұрастырылып, учаскелік полиция қызметкерлері олардың отбасылары туралы ақпарат жинады", - деп хабарлады әкімдікте. 

Сарбаздар үшін Мәңгілік алау мемориалының алдында салтанатты шығарып салу шарасы ұйымдастырылды. Жауынгерлерді Қазақстан әскерінің қатарына қосылуымен құттықтауға тек туған-туыстары ғана емес, облыс басшылығы да келді. Бұл қадамның маңыздылығы жайлы салтанатты сөзді Қарағанды облысының әкімі Жандос Әбішев алды. 
 


Back to the list