• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Әскери қызметтегі қыз-келіншектерге қайсар рух пен табандылық тән - Л.Губарева 05.05.2017

«Өмірімнің 12 жылын осы әскери қызметке арнадым. Ол университеттен басталған еді, ол кезде мен спортпен шұғылданып жүретінмін. Менің жаттықтырушым әскери бөлімге қыздарды іріктеу жүріп жатқанын естіп, маған әскери қызметші болуды ұсынды. Осылайша, университетті аяқтаған соң мен әскери қызметке шақырылдым. Кейін телефонист мамандығына оқыдым. Менің спортпен шұғылдануым әскери қызметте қажет болды. Әр түрлі сайыстарға  және халықаралық сайыстарға қатыстым», - деді Л. Губарева.

Л. Губарева ҚР-ның биатлоннан спорт шебері, ҚР офицерлік үшсайыстан спорт шебері, 2015 жылғы «Достық жауынгері» халықаралық байқауының чемпионы, 2016 жылғы «Достық жауынгері» халықаралық байқауының қола жүлдегері және 2017 жылы ҚР ҚК-ның биатлоннан чемпионы .

«Қазір әскери парадқа қатыспақпын, мұнда 170 қыз-келіншек бар және бұл оңай іс емес. Барлығы тырысып жатыр. Біздің әскери қызметтегі қыз-келіншектерге қайсар рух пен табандылық тән екеніне үнемі көзім жетеді және осы төзімділікке таң қаламын, біз кез келген ауа райында күніне 6 сағаттан жаттығамыз», - деп бөлісті кіші сержант.

Сондай-ақ, ол барша қазақстандықтарды ҚР ҚК 25 жылдығымен және Жеңіс күнімен құттықтады.

«Барлық қазақстандықтарды ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен және Жеңіс күнімен құттықтаймын. Ашық аспан, отбасыларыңызға денсаулық, әрқашан жақсы көңіл-күй тілеймін. Өмірлеріңізде қуантатын сәттер көп болсын!», - деп құттықтады Л.Губарева.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list