• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Парад алдында әскери техниканы жоспарлы дайындау жүргізілуде 04.05.2017

Әскери парад бойынша дайындық іс-шаралары барысында жанар-жағармай басқармасы мен «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС жанармайдың сапасын бақылау жылжымалы зертханасының мамандарымен өндіруден бастап тасымалдау мен әскери техникада қолдануға дейінгі барлық кезеңдерде жеткізілетін отынның сапасын бақылауды жүзеге асырды.

"Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей қолдауының арқасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әртүрлі жағдайларда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде қойылатын барлық талаптарға сай келетін қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен қайта жабдықтау ұдайы жүргізіледі",- деп атап өтілді ведомствода.

Заманауи әскери техника қозғалтқыштарының жұмыс жасау тиімділігін арттыру бойынша жаңа талаптарға сәйкес жоғары сапалы отынға, майларға, жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарға мұқтаждық туындауы қажет. Жаңа қозғалтқыштардың құрастырылмалы ерекшеліктері мен оларды пайдаланудағы қытымыр жағдайлар жанар-жағармай материалдардың құрамы мен қасиеттеріне жаңа талаптар міндеттейді. Осының барлығына қазіргі заманғы жоғары технологиялық ЖЖМ қолданған кезде ғана қол жеткізуге болады.

Жыл сайын әскерлерге «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС және «ҚазМұнайГазАэро» ЖШС ҚР Үкіметі айқындаған бірыңғай ұлттық операторлармен 25 мыңға жуық тонна автомобильді бензин мен дизельді отын және 23 мыңнан аса тонна авиациялық керосин жеткізілетінін айта кеткен жөн. Отынның сапасын тексеру үшін Астана, Алматы және Атырау қалаларында үш станционарлық сынама зертханасы және 9 мобильді зертхана бар.

 


Back to the list