04.05.2017

«Құрметті генералдар, офицерлер, сержанттар, жауынгерлер мен ардагерлер! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Барлық уақытта әскери қызмет әрбір азаматтың қасиетті борышы, ерлік пен қайсарлық мектебі болатын!», - деді Қ.Қарақұлов.
Полковник айтып кеткендей, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қорғаныс қабілетіне көп көңіл бөледі, себебі Қазақстанның ұлттық мүдделерін сенімді қорғау және қорғаныс әлеуетін нығайту – еліміздің тұрақты дамуының, азаматтарымыздың жақсы өмір сүруінің негізі.
Бейбіт жылдары Отанын қорғауға бар өмірін арнап, бүгінде бабаларының ісін жалғастырып келе жатқан және мемлекетіміздің әскери қуаты мен қорғаныс қабілетін арттырып келе жатқан азаматтарымыздың барлығын Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы жеңіс күнімен «Астана» өңірлік қолбасшылығы Әскери кеңесі атынан шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға жақсылық пен амандық тілеймін. Халқымыз бейбіт пен келісімде өмір сүріп, ортақ еліміз одан әрі гүлдене берсін!», - деп құттықтады Қ.Қарақұлов.
Қайрат Жандыбаев