• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның заманауи және соғысқа қабілетті-жасақталған әскері бар – Т.Мұхтаров 03.05.2017

«Мемлекеттің қалыптасуы, дамуы және гүлденуіне жиырма бес жыл – бұл айтарлықтай қысқа мерзім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен біз барша әлемге еліміз басқа мемлекеттер арасында үздік болуға лайықты екенін дәлелдедік», - деді Т.Мұхтаров.

Генерал-майор Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстан қазір заманауи, жақсы жасақталған, соғысқа қабілетті әскерге ие екенін атап өтті.

«Қарулы күштер құрылымы жағынан үш түрден құралады. Ол Шығыс, Батыс, Оңтүстік және Астана 4 өңірлік қолбасшылығынан тұратын құрлықтағы әскерлер, сондай-ақ десанттық-шабуылдау әскерлері және зымыран-артиллерия әскерлері. Әуе қорғанысы күштерінің құрамы екі әскер түрінен тұрады: әуе шабуылына қарсы қорғаныс және әскери-әуе күштері. Әскери-теңіз күштері шағын болса да, еліміздің теңіз шекараларын 40-тан астам кеме қорғайды», - деп ақпараттандырды ҚР қорғаныс министрінің орынбасары.

Сондай-ақ, ол қарулы күштердің құрылуының негізгі басымдығы оны жинақтау және жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылатынын айтты.

«Бас Қолбасшы Н. Назарбаев атап өткендей: «Бізде жоғары білікті кадрлар болмаса, біздің жоспарларымыз қағаз жүзінде ғана қалады. Біз кадрларды 10-15 жыл бұрын даярлап, 10-15 жылдан кейін Қарулы Күштерімізді кім басқаратынын ойлауымыз керек. Кадрлық саясаттың негізгі элементі оны кезең-кезеңмен кәсібилендіру болуы тиіс». Осы тапсырмаға сәйкес, біз қазіргі уақытта орта білімді қамтитын әскери білім берудің бірыңғай құрылымын құрдық. Бізде Алматы, Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында «Жас Ұлан» төрт республикалық мамандандырылған мектебі бар. Сондай-ақ, Щучинск қаласында кәсіптік сержанттарды даярлайтын кадет корпусы да бар. Бұдан әрі жоғары білім беретін үш әскери институт бар. Олар Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің әскери институты, радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты және Ақтөбе қаласындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты. Білім беру жүйесін магистратура, докторантура бағдарламалары және бас штаб академиясының факультеті бар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс институты аяқтайды. Яғни біз жас азаматтарымызды орта мектептен бас штаб факультетіне дейін оқыта алатындай әскери білім берудің бірыңғай жүйесін құрдық», - деп атап өтті генерал-майор.

Сондай-ақ, ол Қарулы Күштердің дамуының тағы бір негізгі басымдығы оны заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау болып табылатынын да айтты.

«Осы бағытта Бас Қолбасшының басшылығының арқасында қазіргі уақытта біздің Қарулы Күштеріміз әскери техниканың ең заманауи түрлерімен жарақтандырылған. Әуе қорғанысы күштерінде заманауи әскери-көлік ұшақтары, соққы тікұшақтары бар. Құрлық әскерлері жаңартылған күшті заманауи танктермен жабдықталған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері заманауи С-300 зениттік-зымыран кешендерімен жабдықталған», - деп бөлісті Т. Мұхтаров.

Сонымен бірге, ол қару-жарақпен жабдықтаумен қатар, тұрақты әскери жауынгерлік дайындық жүріп отыратынын да хабарлады.

«Біз осыған көп көңіл бөлеміз. Жыл сайын әскери оқулардың 100-ге жуық түрлері өткізіледі. Соның ішінде халықаралық өңірлік қауіпсіздіктің негізгі элементтері болып табылатын халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Әскери ынтымақтастық желісі жағынан бізде «Бейбіт миссия», «Өзара іс-қимыл», «Дала қыраны» сияқты оқулар үнемі жүргізіліп отырады. Бұдан бөлек, қазақстандық әскер халықаралық әскери сайыстарға қатысып отырады. Өткен жылы Қазақстан аумағында пәндердің екі түрі бойынша артиллеристер мен снайперлердің сайысы өтіп, онда біздің әскери қызметшілеріміз бірінші орындарға ие болды. Нәтижесінде, сайыста 19 елдің арасынан біздің Қарулы Күштеріміз 2-орынды жеңіп алды», - деді генерал-майор.

Бұдан бөлек, ол қазақстандық әскери қызметшілердің бітімгерлік қызметі жайында да айтып өтті.

«Біздің қарулы күштеріміздің бітімгерлік қызметі де жоғары деңгейде. Біз 2003-2008 жылдары Ирактағы оқиғаларға қатысып, онда біздің инженер-саперлер батальонымыз да өздерін лайықты көрсете алды. Біздің инженерлеріміз, әскери саперлеріміз 4 млн-нан астам жарылатын құрылғыны зиянсыздандырды. Біздің бөлімше әлемнің кез келген нүктесіндегі кез келген миссияға дайын. Қазіргі уақытта біздің әскери бақылаушыларымыз Кот-д’Ивуар мен Батыс Сахарадағы екі миссияға қатысып, офицерлеріміз өте жақсы нәтиже көрсетті. Олар БҰҰ наградаларымен және мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бірқатар офицерлеріміз жоғары даярлығына байланысты миссия бөлімшелерінің басшылары болып тағайындалды», - деп атап өтті Т. Мұхтаров.

Генерал-майор сондай-ақ қазақстандық әскери кадрларды даярлау әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында да жүргізілетінін атап өтті.

«Кадрларды даярлау өз әскери-оқу орындарымызда да және сонымен қатар шет мемлекеттерде де жүргізіледі. Біздің курсанттарымыз бірінші курстан кейін жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда әлемнің басқа да жетекші оқу орындарында оқи алады. Қорғаныс министрлігі Жасәскерилер бірлестіктерінің республикалық штабы мен Қарулы күштердің ұлттық әскери-патриоттық орталығы арқылы жас қазақстандықтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестірумен айналысады. Осы дәріс патриоттық тәрбиелеу сипатына ие», - деп түйіндеді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list