03.05.2017
Қабылдауды аша отырып, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізгі жетістіктері және даму жоспарлары туралы айтты. Сонымен бірге ол әскери атташелерге әскери саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді және әскери-дипломатиялық корпус бүгін әрбір мемлекет қызметінің маңызды саласы болып табылатынына және халықаралық әскери ынтымақтастықтың арқасында бірлескен оқу-жаттығулар сәтті өткізілгеніне, әскери және әскери-техникалық саладағы екі жақты және көп жақты шарттарға қол қойылғанына ерекше көңіл аударды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қонақтар үшін «Туған еліме тілегім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.