03.05.2017
Ағымдағы жылғы 7 мамырда өтетін Әскери парадтың әуе бөлігін көк аспанда еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің 70-тен аса бірлік авиациялық техникасы паш етеді. Әуе бөлігі ниетінің негізгі элементтері әзірше құпия болып қалуда.
Айта кетерлік жайт, авиашоу өзінің көрсеткіштері бойынша бұдан бұрын өткізілгендердің арасында ең айрықша және есте қаларлық болмақ. Аспанда Ми-8, Ми-17, Ми-26, Ми-35, Ми-171Ш, ЕС-145, Ту-134, Ту-154, Ан-26, Ан-72, С-295 әскери-көлік авиациясы мен Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 майдандық авиациясының ұшақтары пайда болады.
«2017 жылғы әскери парад – ол армияның жауынгерлік қуатын, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, қазақстандық армияның жауынгерлік арсеналын толықтырған отандық және шетел өндірісінің қару-жарағы мен әскери техникасының заманауи үлгілерін көрсету», - деп ведомстводан атап өтті.