• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Еліміздің әскери қызметшілері ҚР ҚК дамытудың жаңа әдістерін талқылады 02.05.2017

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, конференцияның негізгі мақсаты Қазақстанның Қарулы Күштерін әрі қарай дамытуда заманауи ғылыми-практикалық әдістерді зерделеу мен іздестіру, ҰҚШҰ мүше мемлекеттері қарулы күштерінің әскери кадрларын бірлесіп дайындауды белгілеу болып табылады. Конференцияның жұмысына Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университеті, Ресей мемлекеттік сот төрелігі университеті, Украина ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері, ҰҚШҰ-ның біріккен штабы және бірқатар қазақстандық ЖОО-лардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы генерал-лейтенант Б. Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор генерал-лейтенант А. Тасболатов, Халық Қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты Т. Мұсабаев қатысты.

"Қарулы Күштердің құрылымын оңтайландыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар ең алдымен, олардың жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Бүгінде қажет етілетін бағытта және қажет уақытта күштер мен құралдарды жылдам өрістете отырып, көп нұсқалы іс-қимылдарға әзір, кәсіпқой әскери қызметшілермен жасақталған мобильді бөлімшелер құрылды. Осындай негізгі өзгерістердің арқасында Қазақстанның Қарулы Күштері бүгінде мемлекет қауіпсіздігінің сенімді кепілі болып табылады. Әскери ғылым әскери құрылыстың өзекті бағыттарын айқындауға және мемлекеттің әскери ұйымын дамытуға негізделген", - деді Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары – «ҚР ҚК Бас штабының академиясы» факультетінің бастығы генерал-майор Дамир Халықов.

Конференцияның ерекшелігі баяндамалардың жоғары деңгейі ғана емес, сонымен бірге, қатысушылардың жоғары академиялық мәртебесі, Қарулы Күштердің рөлі мен маңыздылығын түсіну. Іс-шара қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар ҚР ҚК әрі қарай дамыту жөнінде теориялық және практикалық ұсынымдар әзірледі.
 


Back to the list