02.05.2017
Сәуірдің басында Астанаға Қарулы күштердің құрылуының 25 жылдығына арналған парадқа қатысу үшін 5 мыңға жуық әскери қызметші келді, олар – офицерлер, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілер, нәзік жанды әскери қызметшілер. Сонымен қатар, әскери техниканы жоспарлы тексеру және техникалық қызмет көрсету жұмыстары да жүріп жатыр. Әскери техника әскери машиналардың арнайы паркінде орналастырылған.
Еске сала кетейік, мерейтойлық парадқа дайындық күн сайын өтуде.