24.08.2017
«Бүгінгі заман – өзгеріс заманы, бір жерде тұрып қалған ешнәрсе жоқ. Сол сияқты қылмыстық сала да әрдайым жаңғыртуды талап етеді. Ең басты мәселе – Елбасы бастап берген құқықтық саясатты ілгері жылжыту. Оның ішінде – қылмыстық процесті жетілдіру, адам құқығын қорғауды нығайту, қылмыстық саясатқа қарапайым көзбен қарау», - деді сөз басында М.Ахметжанов.
Сонымен қатар, ол осы бағытта соңғы жылдары еліміз біраз жетістіктерге қол жеткізгенін тілге тиек етті.
«Атап айтсақ, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, басқа органдар қатысып, 14-ші жылы қылмыстық заңнама толығымен жаңарды. Оны өздеріңіз білесіздер. Бірқатар оң өзгерістер енді. Олар халықаралық стандарттарға сүйеніп жасалды. Қылмыстық процесте тергеу судьясы, процессуалдық прокурор фигурасы пайда болды, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (ЕРДР) енгізілді. Бұлар қылмыстық құқық саласына оң серпін берді», - деді ол.
Спикредің айтуынша, ендігі кезекте «100 қадамның» 2-ші бағытын жалғастыру, яғни – заң үстемдігін одан әрі күшейту, сол арқылы, қылмыстық процесті жетілдіру, оған жаңа технологиялар енгізу, цифрлау міндеттері тұр.
«Жалпы, бұның бәрі де дамыған елдер тәжірибесінде бар. Әсіресе ОЭСР елдерінде. Оның бәрі адамды қорғауға бағытталған. Біз де соған ұмтыламыз», - деп түйіндеді М.Ахметжанов.
Ақбота Күзекбай