• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚХА «Рухани жаңғырудың» барлық жобаларын жүзеге асыруға қатысуда - Д.Мыңбай 17.11.2017

Ruh.kz хабарлағандай, Шараға  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, Ассамблеяның басқа құрылымдарының мүшелері, облыс әкімдері аппараттары жанындағы өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ   директорлары және республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері  қатысты.  

«Биылғы жылы Мемлекет басшысы қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын ауқымды жаңғыртуларға бастамашылық жасады. Ассамблея «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Туған жер», «Қазақстан қасиетті жерлерінің географиясы» сияқты барлық негізгі жобаларды қолдайды және оларды іске асыруға белсене қатысуда.

Елбасы Жарлығымен бекітілген мемлекеттік тілдің әліпбиін графикасына көшірілуі  қоғамда кең қолдау тауып  отыр. Бұл тілді жаңғыртудың негізі болатын, оның  әлеуетін күшейте түсетін маңызды қадам», - деді Дархан Мыңбай.

Одан кейін ҚХА төрағасының орынбасары елімізде жүргізіліп жатқан    жаңғырту жағдайда ҚХА-ның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда  жаңа заңнамалық ұстаным қажет екендігіне тоқталды.

«Сондықтан Мемлекет басшысының Ассамблеяның XV-XXV сессияларында  берген тапсырмаларын орындау үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігінің бірнеше себептері бар. Олар: заңнаманы елімізде қалыптасқан объективті қоғамдық қатынастарға сәйкестендіру; Заңның ұғымдық аппаратын ретке келтіріп, оны ҚР  Конституциясының нормаларымен бірдейлендіру; ҚХА жұмысының негізгі бағыттарын нақтылау және т.б», - деді Мыңбай. 


Back to the list