01.11.2017
Ruh.kz хабарлауынша, турларға Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облысының 13 және 17 жас аралығындағы 480 үздік оқушылары қатысады. Осылайша, 30 қазан мен 4 қараша аралығында Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының оқушылары Астанаға келсе, Алматы, Жамбыл, және Оңтүстік Қазақстан облысының үздік балалары Алматы мен Үшқоңырға барады.
Бұдан басқа, Астанада оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының мұражайы, қоры мен кітапханасы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Астана - Бәйтерек» монументі және Назарбаев Университеті көрсетіледі.
Ал, Алматылық турдың бағдарламасы Алматы облысындағы Елбасы оқыған Қарасай батыр атындағы мектеп, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің үй-мұражайы, «Батыр Бабалар» мемориалды кешені, сондай-ақ Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұражай, 28 панфиловшылардың саябағы сияқты объектілерге бару жоспарланған.
«Осындай турларды өткізу мектеп оқушыларының ой-өрісін кеңейтіп, қызығушылығын арттырады, әрі балаларды жақсы оқып, белсенді болуға қосымша ынталандыратын болады», - деп атап өтті Тұңғыш Президент Қорының баспасөз хатшысы Ақерке Берлібай.
Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде еліміздің өңірлерінен 185 мың мектеп оқушылары үшін 700-ден астам тур ұйымдастырылды.