• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Павлодарда креативті оқушылар сайысқа түсті 31.10.2017

Оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш сайыс оқушылардың шешендік өнерін, шығармашылық ойлау, топта жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға бағытталған.

Екі кезеңнен тұрған тартысты ойынға Павлодар облысының 36 үздік креативті оқушылары қатысып, тек 6 команда финалға шықты.

Олар Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, №39 ЖОББМ, дарынды балаларға арналған №3 гимназия, жас дарын мектебі, дарынды ер балаларға арналған Білім-Инновация лицей интернаты және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты.

Әрбір команда қойылған сұрақтарға ұшқыр оймен жауап беріп, өз білімдерін жақсы көрсете алды.

«Бүгінгі ойын жоғары деңгейде өтті. Мен алдыңғы ойындарда да қазылар алқасында болдым-дейді әділқазылар алқасының мүшесі, ПМПИ география және физика кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының кондидаты Роза Мұқанова. - Жыл сайын қатысушылар саны артып келе жатқандығы өте қуантады. Оқушылар жақсы нәтиже көрсетті. Олар тек оқып қана қоймай, сонымен қатар өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолданатынын байқадық. Алдағы уақытта аталмыш ойынның ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін. «Креатив тартыс» сайысына қатысушы №39 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Ильдар Смағұловтың айтуынша, ол мұндай креативті жарысқа алғаш рет қатысып отыр. - Сайыс қатты ұнады», - дейді ол.

 

 


Back to the list