31.10.2017
Ruh.kz хабарлауынша, жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстел мәжілісінде таныстырды. «Тәрбие және білім бағдарламасы» үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың біреуі – «Саналы азамат». «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді.
«Жоба ЖОО жүйесіндегі жастардың азаматтық сана-сезімін трансформациялауға, яғни бәсекеге қабілеттілікке, салауатты прагматизмге, шығармашылық және кәсіпкерлік ойлауға, өмір бойы өмірге дайындыққа және қазіргі заманның қиындықтарына негізделген белсенді өмірлік стратегиямен өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған» - деді Болат Атыбай.
Жиында ЖОО ұстаздарына жоба бойынша өз оқу орындарына ыңғайлы болатын ұсыныс жасап, жұмыс бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.