24.10.2017
Облыс әкімдігі хабарлағандай, ауыл колледждерінің студенттері облыс аудандарында орналасқан келесі қасиетті орындарға, атап айтқанда, Май ауданындағы Қалбасын мұнарасына, Ақтоғай ауданындағы Естай Беркімбаевтың және Бекбау ата Жәнібекұлының жатқан жерлеріне, Успен ауданындағы Ғабдыл-Уахит Тіленшіұлының, Ертіс ауданындағы Таймас әулие кесенесіне барды.
Экскурсиялар барысында жастар Мәңгі алау жанындағы Даңқ обелискіне, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалға, 30-жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке де барып қайтты.
Аталмыш акция қазанның соңына дейін жалғасады. Қасиетті жерлерге барғанда жасалған суреттер әлеуметтік желілерге салынатын болады.