23.10.2017
Мәдени-ойын-сауық орталығында Қаражал қаласы мен Жәйрем ауылы мектептерінің оқушылары бас қосты. Слеттің мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру, туған өлкенің тарихын зерттеу.
Бірінші кезеңде, қатысушылар өздерінің мектептерінің тарихымен, үздік педагогтарымен және мектеп ардагерлерімен таныстырды.
Екінші кезеңде аймақтағы тарихи ескерткіштердің таныстырылымы өтті. Бұдан басқа, әр ауданның табиғи ерекшеліктері тілге тиек етілді.
Жас тарихшылар слеті қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Жас тарихшылар слетінің соңында мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Шараға 120 адам қатысты.