• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордада қаланың  200 жылдығына арналған фотокөрме ашылды 18.10.2017

Көрмеде қаланың тарихи өмірін суреттейтін фотолар, өңірдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  мен елдің мәдени дамуы көрініс тапты. Көрмеде Қызылорданың бетке ұстар тұлғалары ғана емес, Қазақстанның да қазіргі заманғы үздіктері бар.

Мәселен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  көліктік дәлізінің құрылысы мен елдегі шыны шығаратын зауыттың жұмысы бейнелеген. Ол  фоосуреттер тарихтан сыр шертіп тұр.

Фотокөрме қаланың бірегей, ерекше суреттерін жинаған. ҚазКСР-ның астанасы болып тұрған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі көріністер ірі оқиғалардың тізбегін жалғастырды.

« «Ақмешіт» музейінің мекемесін теңдессіз экспонат ретінде қарастыруға болады. Музей орналасқан нысан 1905 жылы салынған. Оның сәулеттік көрінісі сақталған», - деді музей меңгерушісі Кенже Ахметова.

Қызылорда облысының аймағында әртүрлі дәуірде үш елдің астаналары орын тепкен. VIII-ХI ғасырларда оғыздардың басты қаласы Жанкент болды. ХII ғасырда қыпшақ тайпасының орталығы Сығанақ болды, одан кейін ол қазақ хандығының орталығы Ақ  Ордаға айналды. Ал, ХХ ғасырда - 1925-1929 жылдары Қазақ Республикасының  астанасы Қызылорда қаласы болды.


Back to the list