18.10.2017
РАТҒ академиясының профессоры, өнертанушы докторы Игорь Мациевский халықаралық кез келген ынтымақтастықтың негізі әрбір халықтың мәдени егеменділігіне айналуы керектігін айтты.
«Мәдениет пен өнер әлемдік қауымдастықтағы мемлекет рөлін анықтауға керек. Бұл Қазақстан елордасы Астананың сәулетінен көрініс тауып отыр. Осы орайда Қазақстанға көпұлтты келісімнің ерекшелігін, мәдени ерекшелікті шетелде таныстырған жөн», - деді И. Мациевский.
Сондай-ақ, Колумбия университетінің профессоры, БҰҰ Модель өңірлік атқарушы директоры Рафис Абазов айтып өткендей, Қазақстанның мәдени ерекшелігі әлемдік қауымдастыққа қызықты, атап айтсақ, қазақстандық үкіметтің экономиканы жаңғырту мен рухани жаңғыртуға қазіргі заманғы прогрессивтік форматта келуі.
Ол айтып өткендей, қазақстандық мәдениетті шетелде ілгерілету әлеуметтік желі арқылы жастардың қолдауына ие болуы керек.