11.10.2017
Ruh.kz хабарлауынша, мәжілісмен атап өткендей, латын әліпбиінің екінші нұсқасы даулы мәселелердің шешімін тапты.
«Мен әліпбидің жаңа нұсқасы жақсы дер едім. Латын қаріпіне көшу біздің қоғамымыз үшін үлкен жетістік. Біздің партия бұл туралы бастапқы да айтқан болатын. Ал, қазір соның барлығын алға жүргізетін уақыт келді», - деді Азат Перуашев.
Мәжілісменнің пайымынша, реформаны талқылау барша қазақстандықтарды қамтыды және өз үлесін қосамын деушілердің барлығына дерлік мүмкіндік берілді.
«Бірінші нұсқа болды, енді екінші нұсқасы да ұсынылды. Ал, әлеуметтік желілерде осының талқыланып жатқаны туралы фактінің өзі жетістік болып табылады», - деп түйіндеді А. Перуашев.