• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ғалымдар Қорғалжын ауданының мәдени мұрасын көріп қайтты 10.10.2017

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, ғалымдар Қорғалжын ауданының мәдени мұрасын көріп қайтты. Мұнда барлық киелі жерлер ескерткіштерін қамтитын кешенді туристік бағдар жасалмақ.

Аудан аумағында оннан астам киелі жерлер ескерткіштері бар. Олардың ішінде ең белгілі ескерткіштер – Қаныкей, Ақ Еділ Қожа, Алып Томар, Бес Пақыр мазарлары, Жәнібек Шалқар, Бытығай кесенелері.

«Туған жер» бағдарламасы аясында экспедиция мүшелері – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров бастаған ғалымдар мен қоғам өкілдері Қорғалжын ауданының осы киелі жерлерінде болды. Тарихшылар сақ дәуірінің ежелгі қорғандары, аудан аумағындағы ежелгі түркі ескерткіштері, осы өңірден шыққан батырлар мен ақындар туралы айтып берді. Жергілікті ақсақалдар Борамбай Баймұханов және Құдайберген Мырзабеделов өлкенің тарихы туралы өз білімдерімен бөлісті. Кездесуден кейін экспедиция мүшелері аудан әкімінің орынбасары Жомарт Тістікбаевпен бірге өңірдің бұрынғы тарихи ескерткіштері мен объектілерінде болып, олардың жай-күйімен танысты. Экспедиция барысында жиналған мәліметтер болашақта жүйелендіріліп, тереңінен зерттелетін болады. 


Back to the list