• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-ның жасыл ел жасағы өңірдің киелі жерлерінде  жұмыс істейді 09.10.2017

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, Елбасы Н.Назарбаев  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында  жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша  барлық маңызды бағыттарды анықтап берді. Ол біріншіден, Отанға деген махаббат. Ол өзің тұрып жатқан өлкенің гүлденуіне, дамуына барынша үлес қосу деген сөз.

«Келесі жылдан бастап «Жасыл елдің»  жаңа  маусымды жоспарлап отырмыз. Аталмыш тарихи нысандар теңдессіз», - деді ШҚО бойынша «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Қуаныш Қасенов.

Айта кетейік, Жарма ауданында  «Жасыл елдің» XIII еңбек  маусымының   салтанатты  жабылуында 2017 жылдың  қорытындысы айтылып,  үздік жұмыскерлер марапатталды.  Өскемен құрамасы «Үздік штаб» номинациясын жеңіп алды. Ал, үздік  құрама номинациясын Риддер жеңіп алса, Жарма ауданы  «Үздік жұмыс беруші» атағына ие болды. 


Back to the list