03.10.2017
Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алты маңызды жобасының бірі — Батыс Қазақстан облысында «Туған жер» жобасын іске асыру барысына қатысты мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстелге ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың, ҮЕҰ-ның, жастардың, жергілікті атқарушы органдардың 40-тан астам өкілі қатысты.
БҚО әкімі Алтай Көлгінов қатысушыларға алғы сөзін арнай отырып, облыстың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда қол жеткізген нақты тәжірибелік жетістіктерін атап өтті.
Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов өз сөзінде Институттың Қазақстан өңірлері бойынша жүргізген әлеуметтік сауалнамаларының кейбір нәтижелерін айтып өтті. Соның ішінде, БҚО халқы елімізді Үшінші жаңғырту туралы жоғары деңгейде ақпараттанған қазақстандықтар қатарында екені анықталды, сауалнамаға жауап берушілердің тек 6,6%-ы ғана Қазақстанды жаңғырту саясаты туралы қандай да бір ақпаратты игермегендерін айтты.
Облыстың сауалнамаға жауап берушілерінің 73% туған өлкелеріне қамқорлық пен үлкен жауапкершілікті таныта отырып, «Туған жер» жобасын өте маңызды деп санайды. Облыстың сұраққа жауап берушілерінің 60% отбасында қабылданған халық салт-дәстүрлерін, ұлттық ұқсастық пен мәдениетті сақтауды аса маңызды іс деп есептейді.
Сонымен қатар Ғани Нығыметов Қазақстандағы қоғамның дәстүрлілігі мен жаңғыртулық күн тәртібі бір-біріне кереғар емес екенін мәлімдеді.
Қоғам арасында ел ресурстарын шектемей, жаңғырту, қоғамның дәстүрлілігін жаңашылдыққа қарай көшіру түсінігі бар.
«Жекелеген мақсаттарымызды іске асыру өзіміздің қолымызда, біздің алдағы міндеттерді қалай түсінуімізде, табысқа жетуге қаншалықты ынта танытып, оң өзгерістер орнауы үшін қандай шаралар қабылдағанымызға байланысты.Жаңғырту тек технологиялармен және жаңа институттармен шектелмейтіні анық, Президент санадағы оң өзгерістерді жаңғыртудың негізгі қозғаушысы мен көзі ретінде кездейсоқ атап көрсеткен жоқ. Бұның қоғамдық сананы жаңғыртуға қуатты серпіліс беретіні сөзсіз. Елбасының жаңа трендтермен, мағына мен символдармен толықтырылған бағдарламалық мақаласының барлық алты жалпыұлттық жобасын іске асыру ұлттық сәйкестіктің тірегі, бірыңғай біріктірушісіне айналуы тиіс. Шын мәнісінде, Ұлттың рухани жаңғыруы бастау алды», — деді Институт директоры.
Қорытындылай келе, Ғ. Нығыметов «Рухани жаңғыру» жобасы аясында инновациялық оқыту жобалары мен коучтер мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қоғам институттарына өте пайдалы болатынын айтты. Институт оларды 2018 жылы өңірлерге тарату арқылы дамытуға ниет танытып отыр.