• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда латын әліпбиіне  көшуге арналған көрме ашылды 03.10.2017

Облыс әкімдігі  хабарлағандай,  көрмеде қазақ әліпбиін құрастырушылар - Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, К. Жұбанов, С. Аманжолов туралы айтылады. Сондай-ақ экспозицияда жергілікті мұрағат ұсынған көптеген тарихи құжаттар келтірілген. Оған қоса мұражай өз қорынан құжаттарды алып шығып, көпшілік назарына ұсынған. 

Көрменің ашылу салтанатынан соң оқушылар үшін қазақ тілінің латын графикасына ауысуы туралы ақпараттық сағат өтті. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстанның 2025-ші жылға дейін латын әліпбиіне өтетіні туралы жариялаған болатын. 

«Латын әліпбиі - қазақ тілінің жаңа белесі» атты көрме облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жыл соңына дейін жалғасатын болады.


Back to the list