03.10.2017
«Елбасының «Болашаққа бағдар. Қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін облыста Жобалық кеңселер, сараптау кеңесі құрылып, жұмыс топтары қызмет етеді. Жалпы сомасы 7,6 млрд теңгені құрайтын 275 жоба бекітілген, оның ішінде 4 млрд теңге – ол бизнесмендер, меценаттар, біздің жерлестеріміздің үлесі», - деп мәлімдеді Ерлан Қошанов.
Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда 82 жоба жүзеге асырылған.
«Ұлытауда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша қонақ-орталығы мен этно ауылдың құрылысы жоспарланып отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде облыста Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған шаралар жалғасуда», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Қазақ тілінің латын әрпіне көшірілуі туралы айта келе, Ерлан Қошанов депутаттарды жаңа әліпбиді талқылаудан тыс қалмауға шақырды.