26.09.2017
Мемлекеттік хатшы рухани жаңғыру үрдісін жүзеге асыру маңыздылығын атап өтті.
«Адамдардың рухани құндылығын, бәсекелестігін, прагматизм мен ұлттық бірлікті сақтауды қалыптастыру отбасына, атап айтсақ, әйелдер тәрбиесіне байланысты», - деді Г.Әбдіқалықова.
Осы орайда Гүлшара Әбдіқалықова әйелдер қауымдастығын «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасының алты бағытын ілгерілендіруге қатысуға шақырды.
Отырыста Сыртқы істер министрлігінің ҚР-ның 2030 жылға дейінгі БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жету жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет пен мансаптық ілгерілендіру мәселесі қаралды. Мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасындағы әйелдер үлесі 55,5 пайызды құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға көп.
Отырыс қорытындысы бойынша хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.