• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
БҚО коалициясы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді  қолдайды 21.09.2017

Жиында мемелекеттік тілді латын қарпіне көшіру және әліпбидің  Бірыңғай стандарты талқыланды.

«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. Енді қазақ елі осы шешуші кезеңге келіп жетті. Латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Латын әліпбиіне көшу – Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған, тіліміздің болашағы үшін жасалған қадам. Сайып келгенде, латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің қолданыс аясын одан әрі кеңейтіп, қазақ тілін технология тіліне айналдырады, - делінген хабарламада.

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» коалициясының бұл отырысына Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облыстық партия  филиалдарының төрағалары,  белгілі тілші ғалымдар, профессорлар және сарапшы мамандар қатысты.

Жиын соңында ел тұрғындарын жаңа қазақ әліпбиінің қабылдауға қатысуға шақыратын Батыс Қазақстан облысы халқына арналған Үндеуін жариялады.


Back to the list