20.09.2017
«Бүгінгі таңда біз әзірлеген нұсқаулық бойынша өңірлерден шамамен 1000 тізім келіп түсті. Бүгінде жетекші ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құрылған Сараптамалық кеңесінің шешімімен 100 жалпыұлттық деңгейдегі, 500 жергілікті маңызы бар қасиетті орындардың тізімінің жобасы жасалды. Іс жүзінде халық бұл жерлерді бұған дейін анықтап қойған. Біздің міндетіміз – қасиетті орындардың бірыңғай желісін құру. Болашақтағы міндет – оларды кеңінен насихаттау», - деп хабарлады Б. Әбдіғалиұлы.
Бұдан басқа, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев тарихи орындар өайта қалпына клетіру жұмыстарын қажет ететінін хабарлады.
«Бізде тарихи оқиғалар өткен, бірақ қазіргі күнде ол жерде ешқандай белгі сақталмаған, ешқандай із байқалмайтын жерлер бар. Қираған ескерткіштердің сынығы немесе жай орны ғана қалған нысандар бар. Алайда, тарихи мәні өте зор болғандықтан, ол жерді құрметтеп жатамыз. Мысалы «Таңбалы тасты» алсақ, толық қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Бұл өте маңызды нысан. Осындай қасиетті орындарымызды тізімге енгізу ұсынылуда», - деді ол.
Қазақстанның қасиетті орындарының картасын қалыптастыру барысында, аймақтарда жұмыс топтары құрылып, ұсынылған қасиетті нысандар бойынша республикалық этно-мәдени экспедиция жұмысы ұйымдастырылып жатқандығын атап өтті.