20.09.2017
Сонымен, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде латын әрпіне көшу бойынша семинар өтті. Оған екі жүзден астам адам қатысты: студенттер, факультет декандары, білім озаттары, «Жас Орда» студенттер ұйымы қауымдастығының белсенділері.
«Елбасының латын әрпіне көшу бастамасы оқу және тәжірибе процессінде жаңа мүмкіндіктер ашады, студенттер қазақ әліпбиінің түрлеруінің қажеттілігі мен өзектілігін түсінетінін көрсетуде», - деді өзінің баяндамасында қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Жетпісбай.
Лингвистикалық реформаны қолдайтынын студенттер де жеткізді. Бастаманың жақтастары жастарға ол қазақ және ағылшын тілдерін меңгеруге көмектесетінін айтты.
Бұдан басқа, А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде жарыссөз ұйымдастырылды. Студенттер жаңашылдықпен «келісетінін» немесе «қарсы» дәлелдерін ортаға салды. Нәтижесінде екі жақ жаңа бастаманың қажетті екенімен келісті.
«Бүгін біз – жастар – жаңашылдыққа дайынбыз, себебі ол ұялы байланыс құралдарындағы ақпараттық шекараларды кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады жарыссөзді жастар.
Колледж студенттерімен Саран қалалық мәслихатының депутаты Жанбол Жаяубаев кездесті. Ол да қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуының оң жақтарын атап айтты.
«Барлық континенттерде 4 млрд адам қолданатын латын әрпінің ғаламдық рөлін ескере келе, жаңа графиканың енгізілуі білім жүйесінің әлемдік стандарттарға бейімділігін арттыратынын, отандық интернет пен ІТ-технологияның дамуына жол беретінін, зияткерлік білім мен жобалардың экспортқа шығу процессін жылдамдатанын, жастарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап айтуымыз керек», - деді халық қалаулысы.