• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Балқашта «Туған жер» бағдарламасы аясында ойын және спорт алаңдары ашылды 18.09.2017

Демалыс орындары «Сары Қазна» ЖШС және «Қоңырат» мыс компаниясы» ЖШС қаражатына салынған. Ойын алаңдарында әткеншектер орнатылған. Ал, балалардың қауіпсіздігі үшін жерге арнайы жұмсақ төсеніштер төселген. Спорт алаңдарында жазда шағын футбол, ал қыс айларында хоккей ойнауға болады. Сонымен қатар әртүрлі тренажерлармен де жабдықталған. 

«Біздің екі компаниямыз бұл жерде 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Біз қаланың әлеуметтік дамуына өзіміздің үлесімізді қосамыз. Біздің компания шын көңілімен «Туған жер» бағдарламасына қатысып, балқаштықтарға қаланың мерейтойы аясында осындай сыйлық жасады» , - деді «Сары Қазына» ЖШС бас директоры Павел Семенченко.  

Оның айтуынша «Сары Қазына» ЖШС акционерлері «Қоңырат» қайырымдылық қорын құрған. Оған тек қазақстандық қана емес, шет елдік кәсіпкерлер де өз үлесін қоспақ. Қор тұрмыстық жағдайы төмен халыққа көмек көрсетуді, сондай-ақ Қоңырат кентінде абаттандыру жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр. 

Сонымен қатар Балқашта демеушілер есебінен бассейн қайта қалпына келтірілетін болады. Жобаның құны – 100 млн теңге. Жоспар бойынша онда су сырғанақтары орнатылады. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы аясында бассейнге мүгедектер мен аз қамтылған отбасынан шыққан балалар тегін бара алады. 


Back to the list