• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Ақсақалов: Латын әліпбиіне көшу бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған 18.09.2017

Ол атап өткендей, қазақ тілінің кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшуі шын мәнінде еліміздің  рухани мәдени даму тұрғысында тарихи кезең болады.

«Әліпбиді реформалау әлемдік ғылыми-білім беру, технологиялық және коммуникациялық кеңістіктегі интеграцияны жеделдетуге негізделген. Оның үстіне, қазақ тілін жаңғырту оның барша әлеуетін ашу үшін де қажет», — деді Қ.Ақсақалов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы атап өткендей, Қазақстан халықтары тілдері мейрамы шын мәнінде барша қазақстандықтардың ауыз біршілігі мен келісімін айқындайтын жарқын мейрамға айналды.

СҚО әкімдігінен хабарлағандай, шара барасында қазақ әліпбиін латыншаға көшіруге мұғалімдер, студенттер мен жалпы жастар қолдау көрсетіп, өз пікірлерін білдірді.

Тілдерді дамытуға қосқан үлесі үшін 13 солтүстікқазақстандық Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің және Мәденит және спорт министрлігінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, үздік аудандық және облыстық мекемелер аталып өтті.

Фестивальді аймақтың шығармашылық ұжымы даярлаған концерттік бағдарламасы қорытындылады. 


Back to the list